Түрмеде отырған журналист Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашарлағаны туралы ақпарат тарады. Кремлден еркіндікке ұмтылыс па? Ресейдің Алтай аймағында халық қарсылық білдіріп жатыр. ЕАЭО құрылғанына 10 жыл. Ортақ қазаннан кім көп асайды, кім тигенін жейді?
"Сумыдағы Ресей әскерлерінің шабуылы тоқтатылып, майдан шебі тұрақталды" деді Украинаның қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский. Ал Украина дрондары Мәскеу маңы мен Ростов облысына шабуыл жасады.
Мұхит асып Иранға келіп, бомба тастап кеткен В-2 ұшағын неге "аспандағы елес" деп атайды? Бұл ұшақты АҚШ басқа елдерге неге сатпайды? Түсіндіреміз
Қызылордадағы түзеу мекемесінде отырған журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрім былтырғы желтоқсаннан бері әуелі бір апта, одан кейін бір ай, екі ай, соңғы рет 4 ай тәртіп изоляторына қамалған. Кейінгі төрт айда алғаш рет оған кіріп шыққан адвокат Ғалым Нұрпейісовтен Азаттық тілшісі сұхбат алды.
Президент Тоқаев жылдағы дәстүр бойынша, кәсіби мереке қарсаңында бір топ журналисті марапаттады. Ол сыйлық алуға келген тілшілерді "мемлекет саясатын елге түсіндіретін, қоғам мен билік арасындағы көпір" деп атады.
Ресей Украинаның бірнеше аймағына әуеден шабуыл жасады. Қаза тапқандар бар. Бұл тұста Украина президенті Владимир Зеленский Нидерландқа барып, НАТО саммитіне қатысты. Ол АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті.
Тағы